Екі айдан соң мұғалімдердің жалақысы өседі

15.04.2019

1 маусымнан бастап білім саласындағы ең төменгі жалақы алатын қызметкерлдердің айлығы өседі. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасының аясында, алдымен еңбек жолын енді бастап жатқан  жас мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілерінің жалақысы 30% көтеріледі.

Бұл –  білім беру жүйесінде қосымша жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты. Екінші кезекте, қосымша көмекші тұлғалардың яғни, балабақшадағы еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, электрик, сантехниктердің айлығы артады. Сосын барып басқарушы санаттағы қызметкерлер. 

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал, бізде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персонал.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу