Ұстаздар зейнетке жұмыс өтіліне сәйкес ерте шығуы мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар зейнетке жұмыс өтіліне сәйкес ерте шығуы мүмкін бе?

15.02.2020

«Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды. Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын». Бұл Президенттің айтқаны. Айтты ма, бітті, орындау шарт. Президенттен пәрмен келді деген сөз, қазынада қаржының бар екенін, саланың аза маңызды екенін, қордаланған түйткілдердің аз емесін және оны шешудің тетіктері жасалғанын айғақтайды.  Мұғалімдердің жалақысы еселеп өседі, қаңтарда үстемақымен жарты миллион теңге алған қатардағы оқытушылар бар. Оны көзіміз көрді. Айлығы шайлығына жетпей еңсесі түскен ұстаздан еңселі шәкірттің шықпайтыны екібастан белгілі. Сол үшін алдағы төрт жылда педагогика саласын бұрын-соңды болмаған үлкен қолдау күтіп тұр. Десе де, ұстаздың айбынын көтеру үшін тағы не істеу керек? 

Назым ҚАЙРАТ 

 

Хабарламаларға жазылу