Елордада робототехникадан ұлттық чемпионат өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада робототехникадан ұлттық чемпионат өтіп жатыр

20.06.2018

Биылғы жарысқа еліміздің өңірлерінен 250-ден астам оқушы келді. Қатысушылар «Астың маңызы» тақырыбында жобаларын қорғауда. Яғни, тағам тапшылығын алмастыратын жаңа механизмдер мен өнімдерді ойлап тапқан. Робот жасаудан сайысқа түскендердің ең кішкентайы  7 жаста. Чемпионаттың үздік жеңімпаздары қараша айында Таиландта өтетін халықаралық олимпиадаға жолдама алатын болады. Айта кетейік, былтыр қазақстандық оқушылар робототехникадан Коста-Рикада өткен олимпиадада үздік жобаларын көрсетіп, елге табысты оралған еді. 

Азамат Битанов, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ақпараттық жүйелер орталығы директорының орынбасары:

- Қызық жобалар келіп жатыр. Балалар өздерінің креативті ойлау қабілеті арқылы синтетикалық тамақты ойластыру, шатырдың үстінде тамақ өсіру, қайтадан өңдеу, немесе құнарлы заттар арқылы оның пайдасын асыру, көлемін асыру сияқты көптеген жобаларды ұсынып жатыр.

Ділназ Қуанова, қатысушы:

- Біздің тауып шығарған құрылғымыз – су табатын робот. Бұл робот толық автоматтандырылған.  Өйткені, ол өзі бұл цилиндрді қондырады және суырып алады. Осыны дайындауға екі ай уақыт кеткен болатын. Бірінші прототип, кейін толықтай роботты жасағанбыз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу