Ғылымға бетбұрыс – жарқын болашаққа жол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымға бетбұрыс – жарқын болашаққа жол

05.03.2019

Елдегі барлық өңірлер Жастар жылының табысты өтуіне үлес қоспақшы. Мәселен, Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас елді мекенінің оқушылары бос уақытын текке өткізбес үшін жас мұғалімдер оларды ғылымға бағыттап отыр. 2012 жылы ашылған ауыл мектебінде қазір 1500 бала оқып жатыр. Мұнда әртүрлі пәннен олимпиадалар мен басқа да білім бәсекелерінде топ жарып жүрген оқушы көп.

Сонымен қатар, спорттық жарыста да олжалы шәкірттер аз емес. Енді жас ұстаздар инновациялық технологияларға негізделген жаңа жүйе арқылы оларға осы заманға сай білім беруге күш жұмсамақшы.

Гүлбаршын Кәрібаева, Ақтас ауылындағы № 36 орта мектептің директоры:

- Бізде 20 шақты жас маман бар. Және 9-11 сыныптарда 200-дей оқушы бар. Біз осыларды бүгінгі шараға қатыстырып отырмыз. Өйткені осы жыл жастарға арналған. Сондықтан жастар өз жетістіктерін көрсетіп, танысып жатыр.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу