Алматыда «Owlypia» халықаралық олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Owlypia» халықаралық олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті

19.02.2019

«Galaxy» халықаралық мектебінде болған білім жарысына әр аймақтан келген 220 оқушы қатысты. Олар «Өнер және дизайн», «Әдебиет пен мәдениет», «Жаратылыстану және технология» сынды 6 бағыт бойынша бақ сынады.

11 мен 14 жас аралығындағы оқушылар екі түрлі санатқа бөлініп, пәнаралық тест тапсырды. Берілген тақырыптарға сай, викториналық сұрақтарға жауап беріп, эсселер жазды. Жасөспірімдер инновациялық білімін дамытуға арналған байқау тек ағылшын тілінде болды. Өйткені аймақтық кезеңнің жеңімпаздарына Швейцария, Австралия, Ұлыбритания, АҚШ-та өтетін ақтық сынға жолдама беріледі.

Лианн Стот, ұйымдастырушы (Ұлыбритания):

- Біздің мақсатымыз – оқушылардың оқу дағдысын көтеру. Дүниетанымы мен ой-өрісін кеңейту. Сондықтан олимпиаданың негізгі сайыстары ауызша өтіп жатыр. Өйткені балалар тек біліп қоймай, білгенін жақсылап жеткізе білуі маңызды. Осы тұрғыдан алғанда қазақстандық оқушылардың деңгейі өте жоғары.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу