«Таңшолпан». Нұрдәулет Кемел - Азияны мойындатқан жас физик - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Нұрдәулет Кемел - Азияны мойындатқан жас физик

29.11.2017

Нұрдәулет Кемел Гонконг университетінде өткен «Academy for Talented» атты ғылыми жобада «БҰҰ-ның парақшасындағы проблемалардың біреуін шешу» атты тақырыпта жоба қорғады.

Нұрдәулет Индонезияның Джокьякарта қаласында өткен Халықаралық физика олимпиадасының қола медаль иегері, Мәскеу қаласында өткен «Халықаралық Мегаполистер» олимпиадасының күміс медаль иегері, Алматыда физика пәнінен өткен Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль иегері, Павлодар қаласында физика пәнінен өткен Республикалық олимпиадада алтын және Астана қалалық олимпиадасының алтын медаль иегері.

«Nurorda» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Нұрдәулет Кемел, Нұрдәулеттің мұғалімі Вячеслав Ли студия қонағы болды. Жас өнерпаз өз тәжірибесімен, алдағы жоспарларысмен бөлісті.

«Гонконг университетінде біз аштықпен қалай күресуге болатыны туралы жобаны ұсындық. Университет маған ұнады. Бірнеше күн бұрын құжаттарымды сонда тапсырдым. Сондай-ақ, АҚШ университетінде оқуым мүмкін. Ол жаққа оқуға түсу қиын. Өйткені, Американың оқу орындарында бәсекелестік мықты», - дейді жас өнерпаз.

Хабарламаларға жазылу