«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

21.08.2020

Білім сайысы дарынды жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Елбасының «Ел үмiтi» бастамасы аясында іске асуда. Ақпан айында басталған додаға республика бойынша 295 мың оқушы қатысып, үздік 5 мыңы іріктелді. Оларға қашықтан оқыту порталы арқылы білімдерін жетілдіру курсында тегін оқу мүмкіндік беріледі. Ал, ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге жолдама алады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу