Қызылорда Мемлекеттік университеті 98 миллион теңгенің грантына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда Мемлекеттік университеті 98 миллион теңгенің грантына ие болды

14.02.2019

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті республикалық жобаның жеңімпазы атанып, 98 миллион теңгенің грантына ие болды. Бұл - жас ғалымдардың еңбегі.

Университеттің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік зертханасында ғылыми жаңалық көп. Қазірдің өзінде 30 миллион теңгенің жобасы қолға алынған. Жеңімпаздарды анықтау барысында патенттер мен ғылыми жобалар бойынша алынған гранттар саны, қаржыландыру көлеміне мән берілген. Сондай-ақ, мамандарды оқыту, ғылыми мақалалар саны да қаперге алынды. Нәтижесінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиеті еліміздегі 25 оқу орнының ішінде ең жоғары ұпай жинады.

Нұрбол Аппазов, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі:

- Біздің жетістігімізді дамытуға, шетелге шығып, әріптестікті арттыруға, ағылшын тілін жетілдіруге мүмкіндік тудырады. Бұл - біздің университет үшін үлкен жетістік.

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу