Мектептің барлық түлегі білім грантына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептің барлық түлегі білім грантына ие болды

12.08.2022

Түркістан облысы Жетісай қаласында бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік білім грантына ие болды. Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны бітірген 63 бала жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Айта кетейік білім ұясы бұған дейін де түлектердің «Алтын белгі» алуы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген. Осы жетістікті 11-сынып оқушылары биыл да қайталады. Мектепті тәмамдаған бес сыныптың 30 түлегі «Алтын белгіге», 21-і «Үздік аттестатқа» ие болды. Ал ҰБТ қорытындысы бойынша білім ордасының орташа балы 105% құраған.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу