Алматыда «Smart students» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Smart students» орталығы ашылды

05.02.2019

Мұнда стартап жобалар мен креативті ойлардың іске асуына мол мүмкіндік бар. Оқытушылардың айтуынша, белсенді студенттердің еркін пікір алмасып, ой бөлісуіне барлық жағдай жасалған. Мұндай орталықтар көптеп салынса, тәлімгерлердің білімін арттырып, жобаларын жан-жақты талқылауға таптырмас орын болмақ. Бұдан бөлек, жоғары оқу орнында жастарды қолдауға бағытталған медиациялық және психологиялық орталықтар жұмыс істеп тұр.

Жанатбек Ішпекбаев, Абай атындағы ҚАЗҰПУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры:

- Студенттердің ғылыми, ақпараттық технология бағытындағы жобалары іске аспақ. Сол жобаларды біз университет басшылығы атынан қолдауға дайынбыз.

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу