Ертеңнен бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады

14.01.2019

Бұл сынақ - өткен жылы шекті балды жинай алмаған, бірақ, жоғары оқу орнына түскендерге арналған. Егер осы жолы да ең төменгі балды жинай алмаса, олар оқудан шығарылады. Тестілеуге 11 және 12-сынып оқушылары да қатысады. Олар осы жолы алатын сертификаттарымен қыркүйекте оқуға түседі. Тек ақылы түрде. Ал, грант конкурсына қатысу үшін маусым-шілде айларында өтетін тестілеуден жоғары балл жинауы керек. Жалпы, биылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу 4 рет өткізілетін болды. Енді түлектер наурыз айында да өз мүмкіндіктерін сынап көре алады.

Қуаныш Мәліков, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:

- Шілдедегі тестілеуге барғанға дейін 2 рет тапсырады. Бұл - балаға үлкен дайындық. Шама-шарқын біліп алады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу