15 қаңтардан бастап түлектер ақылы негіздегі ҰБТ-ны тапсыра бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 қаңтардан бастап түлектер ақылы негіздегі ҰБТ-ны тапсыра бастайды

11.01.2019

4 күннен соң Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Бұл сынақ - өткен жылы шекті балды жинай алмаған, бірақ, жоғарғы оқу орнына түскендерге арналған. Егер осы жолы да ең төменгі балды жинай алмаса, олар оқудан шығарылады. Тестілеуге 11 және 12 сынып оқушылары да қатысады. Олар осы жолы алатын сертификаттарымен қыркүйекте оқуға түседі. Тек ақылы түрде. Ал, грант конкурсына қатысу үшін маусым-шілде айларында өтетін тестілеуден жоғары балл жинауы керек. Жалпы, биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу 4 рет өткізілетін болды. Енді түлектер наурыз айында да өз мүмкіндіктерін сынап көре алады. 

Қуаныш Мәліков, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:

- Бұл балаға үлкен дайындық. Шама-шарқын біліп алады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу