Ертең еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады

14.01.2019

Ақылы түрде өткізілетін сынаққа 36 мыңға жуық түлек өтініш берген. Олардың 29 мыңнан астамы - биыл мектеп бітіретін оқушылар. Бұл жолы алатын сертификаттарымен олар қыркүйек айында ақылы түрде жоғары оқу орындарына түсе алады. Ал, грант алу үшін маусым-шілде айларында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілуге қатысуы тиіс. Сондай-ақ, ертең басталатын сынаққа қатысуға ниет білдіргендердің 3 мыңнан астамы шартты түрде жоғары оқу орындарында 1-курста оқып жатқан студенттер. 2,5 мыңы шығармашылық мамандықтан басқаларына ауысып жатқандар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу