2017 жылы ҰБТ электронды тестілеуге алмастырылады

19.08.2016
2017 жылы ҰБТ электронды тестілеуге алмастырылады

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды тестілеуге алмастырылады. Бұл туралы республикалық Тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлімдеді.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге тәсілдемелер өзгеруде. Биыл ҰБТ жаңа форматта өтті. Тиісті балл жинай алмаған оқушылар үшін қайтадан тест тапсыру және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі қарастырылды. Келер жылда біз ҰБТ-ді толық өзгертіп, электронды тестілеу жүйесіне көшеміз», - деп мәлімдеді Д.Назарбаева.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қазіргі таңда ҚР БҒМ  электронды тестілеу орталықтары желісін құру бойынша МЖӘ жобасын қарастырып жатқанын жеткізді.

pm.kz

Хабарламаларға жазылу