2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

01.08.2019
2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды.  

Тізімді мына сілтемеден көшіріп алуға болады.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 түлек қатысты. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс, IT-технологиялар саласына бөлінген.

2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойынша тағайындалады. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

Сонымен қатар, үш жылдан бері «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие болады. Басқа жағдайда барлығымен тең дәрежеде гранттық конкурсқа түседі.
 

Хабарламаларға жазылу