Астанада оқушылар ағылшын тілін тегін оқи бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада оқушылар ағылшын тілін тегін оқи бастады

10.10.2018

Астананың оқушылары ағылшын тілін жаппай тегін оқи бастады. Елорданың еріктілері «Open English» жобасын қолға алып, 9-11 сынып оқушыларына шет тілін үйретіп жүр. Мұғалімдердің арасында Назарбаев Университетінің ұстаздары, студенттер бар. Бағдарлама 3 айға әзірленген. Оған бас қаладағы 12 мектептің 180 баласы іріктеліп алынды. Тілдік курс арнайы жоғары сынып оқушыларына бағытталған. Өйткені, мектеп бітірісімен олар КЭТ, ПЭТ емтихандарын тапсырады, жоғарғы оқу орындарына түседі. Әзірге бұл бастама пилоттық жоба негізінде жүзеге асырылып жатыр. Ұйымдастырушылар келешекте оның ауқымын арттырып, елдің бүкіл аймағына енгізуді жоспарлап отыр. 

Аида Сыздықова, «Open English» жобасының ұйымдастырушысы:

- Бұл жобаның ұйымдастырушысы –«Зерайна» қоғамдық қоры. Ауқымды жоба ол бизнес, мемлекет және қоғамдық секторды біріктіріп, осындай әлеуметтік жобаларды дамытуға арналған.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу