Ағылшыны жарымжан шетелдік ұстаздарға қалай тосқауыл қоямыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағылшыны жарымжан шетелдік ұстаздарға қалай тосқауыл қоямыз?

16.12.2018

Жұмыр жердегі халықтың екі миллиардтан астамы ағылшын тілінде сөйлейді. Дүниежүзінде ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде жарияланады. Бүгінде ол бизнестің, экономиканың, ғылымның, жалпы, жаһанданудың тіліне айналды. Қазақстандықтар да шет тілін білу - заманның талабы екенін түсіне бастады. Сол себепті, ағылшын тілін үйренуге үлкен ден қойып отыр. Ол үшін елімізде барлық жағдай жасалып жатыр. Тіл оқытатын курстардың алуан түрі ашылды. Орта мектептерде жаһан тілінің сағаттары көбейді. Бірнеше жылдан бері 1 сыныптан бастап ағылшынша оқытуды жолға қоя бастадық. Бұл ретте, елімізге соңғы уақытта шетел тілін оқытуға мигрант мұғалімдер көп келетін болған. Алайда, гәп осы тұста. Олардың біліктілігіне баса мән берілмейді. Өткен айда Астанада қылмыстық іске қатысы бар шетелдік мұғалім жұмыстан шығарылғаны есімізде. Кезінде ол Лондонда оқушыға қарсы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін қызметінен қуылған екен. Келеңсіз жағдайдан соң ұстаз еліне қайтарылды. Ағылшыны жарымжан шетелдік ұстаздарға қалай тосқауыл қоямыз? Ағылшын тілін үйрену үшін мұғалім таңдауда қалай жаңылыспауға болады?

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу