Үш тұғырлы тіл - заман талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш тұғырлы тіл - заман талабы

02.10.2018

Көптілде білім беруде асығыстық танытпаған жөн. Алматыда өткен «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» атты алқалы жиында бас қосқан ұстаздар қауымы осыны айтты. Олардың сөзінше, мектеп оқушыларына тіл үйретеміз, деп оқушылардың санасына артық салмақ түсіруге болмайды. Себебі, шет тілдерді оқытатын мұғалімдердің де білімін жетілдіріп отыру қажет. Сонда олар тіл үйретудің ең тиімді тәсілдерін қолданып, балаларға сапалы білім береді. Кеңеске келген мұғалімдер осы мәселені жан-жақты талқылады. 

Әлия Арзиева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының маманы:

- Қазақ тілі ана тілі ретінде оның үстіне мемлекеттік тіл ретінде оқытылады. Ерекше мән беріледі. Ол үшін біз қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерімен жұмыстарды жүргізіп келе жатырмыз. Ал, екінші ресми тіл орыс тілі мен ағылшын тілдері тек қана қазақтың әрбір баласы ана тілін терең меңгергеннен кейін кезең-кезеңімен оқытылады. Бірден біз үш тілді оқытпаймыз.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу