Үздік оқушылар Ұлыбританияға барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік оқушылар Ұлыбританияға барады

24.07.2018

40-қа жуық оқушы Ұлыбританияның Крэнфилд университетінің аэрокосмос мектебіне оқу-танымдық сапарға аттанады. Ол үшін жас ғалымдар Тұңғыш Президент – Елбасы қоры ұйымдастырған республикалық конкурста өз білімдерін дәлелдеу қажет. Көлік тасымалы саласына арналған бұл байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Оған еліміздің барлық өңірлерінің оқушылары қатысты. Қазылар алқасы үздіктерді анықтауда жобаның тиімділігі мен шығармашылық ойы және ағылшын тілін қолдануына басымдық берді. «Ал, мұндай білім байқаулары оқушылардың техникалық мамандықтарды таңдап, осы салаға деген ынтасын оятуға септігін тигізеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары:

- Бұл байқаудың басты мақсаты - тек қана білімді арттыру ғана емес, еліміздің көлік саласындағы балалардың және нақты кәсіпкерлердің ынтасын арттыру. Бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту.

 

Мөлдір ЕРНАЗАР

Хабарламаларға жазылу