Астанада республикалық оқушылар байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада республикалық оқушылар байқауының жеңімпаздары марапатталды

31.10.2018

Көлік және әуе техникалары саласындағы білімін тереңдетуге арналған сайысқа еліміздің әр өңірінен 85 жасөспірім қатысты. Ағылшын тілінде өткен жарыстың жеңімпаздары Ұлыбританияға барып, аэроғарыштық Крэнфилд университетінен тағылымдамадан өтті. Бір апталық оқу кезінде оқушылар әлемнің үздік мамандарымен кездесіп, дәрістеріне қатысуға мүмкіндік алды. Енді жас өрендер өз болашақтарын әуе техникаларымен байланыстыруды жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан Көбисенов, байқау жеңімпазы:

- Жоба барысында көптеген жаңа білім алдық.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу