Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша республика түлектерінің орташа балы 83,1. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 пайызға жоғары. Жалпы, өтініш бергендердің 96 пайызы сынаққа қатысқан. Түлектердің 85 пайызы шекті бал жинай алған. 2018 жылдың Ұлттық бірыңғай тестілеуінің қорытындысы жарияланған брифингте Рамазан Әлімқұлов осылай деді. Биылғы тестілеудің басты ерекшелігі - түлектер ағылшын тілінде сынақ тапсыруға мүмкіндік алды. Тестілеуді оқушылардың 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, ал, 28 оқушы ағылшын тілінде тапсырған. «Шет тілін таңдағандардың көрсеткіші жаман емес», - дейді мамандар.
Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
- Қазақстан бойынша ҰБТ-ның орташа балы - 83. Ал, ағылшын тілінде тапсырғандардың орташа балы - 85. Соған қарағанда тест нұсқаулары және сапасы дұрыс деп санаймыз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.