Басты Жаңалықтар Астананың бастауыш сынып оқушылары ерекше қабілеттерін танытты

Астананың бастауыш сынып оқушылары ерекше қабілеттерін танытты

№27-мектеп-лицейінің екінші, үшінші және төртінші сыныбында оқитын ұл-қыздары «Бағдарламалау негіздері» оқу бағдарламасы арқылы үйренгендерін ашық сабақта көрсетті. Олар компьютердің көмегімен белгілі бір тақырыпта жоба жасап, онымен қалай жұмыс істеу керектігін бастан-аяқ баяндап берді.  Сондай-ақ,  нақты уақыт режимінде құрылған компьютерлік ойындарын көрсетті. Бұл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жасалған. Пилоттық жобаны алдағы уақытта елорданың бүкіл мектептеріне енгізу жоспарда бар.

Малика Бектұрова, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі бағдарламаға сәйкес тек 7-сыныптан бастап цифрландыруға байланысты бағдарламалау сабақтары жүргізіліп жатады. Бірақ, біз 12-сыныпты таңдадық та 373 бала соған қатысты. Бүгін нәтижесін көрдіңіздер. Ол өте қызықты, балалар скретч арқылы, ол шетелдік оқу орнының бағдарламасы, әлемнің барлық балалары осы бағдарламамен жұмыс жасайды.     

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу