Еліміздің ең білімді студенттері Астанада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің ең білімді студенттері Астанада бас қосты

26.04.2018

Олар өздері жасап шығарған жобаларын «Enactus Kazakhstan National Expo 2018» байқауында қорғамақ. Республикалық шараға 50 университеттің тәлімгерлері келген. Байқауға қатысушылардың жұмысы бизнес-инновация, кәсіпкерлік тәсіл, жобалардың әлеуметтік әсері, экологиялық стандарттарды сақтау, іскерлік этиканы сақтау, қаржы менеджменті сияқты криттерийлер арқылы бағаланады. Жүлделі орынға ие болғандар ақшалай сыйлықпен марапатталады. Ал, жеңімпаз әлемдік деңгейде өтетін байқауға Қазақстанның атынан қатысады. 

Әділет Серік, Көкшетау техникалық институтының курсанты:

- Еліміз бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуы үшін жастарымыз сауатты және де білімді болуы керек. Біз осы бағытты ұстанып, арнайы өзіміздің жобаларымызды жасап, қорғап, болашақта еліміздің дамуына зор үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз. Туған жерге айрықша іңкәрлікпен атсалысып, шынайы патриотизмнің маңызды көрінісін осындай Қазақстан бойынша үлкен жоба «Enactus»-қа қатысып, көрсетеміз деген сенімдемін.

Әсел Қоғабаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті:

- Ол біздің студенттерді жарқын болашаққа апаратын, студенттерді, көшбасшыларды және де университеттерді біріктіретін ұйым болып саналады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу