Биыл елімізде 180 медициналық мекеме ұлттық стандарттар бойынша аккредиттеуден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 180 медициналық мекеме ұлттық стандарттар бойынша аккредиттеуден өтті

16.11.2017

Соңғы 7 жылда 463 мекеме әлемдік талаптарға сәйкестігін растады. Ал, 7 медициналық ұйым аккредиттеудің жоғарғы санатына ие болған. Медициналық қызметтің сапасын арттыру - өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда бүгін Астанада еліміздің әр өңірінен келген 500-ден астам денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бас қосты. Конференцияға АҚШ, Малайзия, Польша, Түркия, Босния мен Герцеговинадан келген сарапшылар да қатысуда. Екі күнге жалғасатын жиында медициналық қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер талқыға салынады. Сондай-ақ, мамандар үздік тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік  сағаттарын өткізеді.

Айнұр Айыпханова, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры:

- Тәжірибемізбен бөлісу үшін осындай үлкен халықаралық конференцияны арнайы ұйымдастырып отырмыз. Себебі, осы 7 жылда жиналған білімді барлық ауруханаларға қолжетімді ету. Мысалы, бүгін конференцияға 8 мемлекеттен 8 аккредиттеу жүйесінің ең жоғарғы санатты мамандары, халықаралық сарапшылар келді.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу