Алматыда колледж мұғалімдері арасында «Жылдың үздік әдіскері» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда колледж мұғалімдері арасында «Жылдың үздік әдіскері» анықталды

05.04.2018

Биылғы байқауға 8 үміткер қатысты. Олар түрлі шеберлік сыныптарын өткізіп, авторлық әдістемелік құралдар мен  жобалар ұсынып, бақ сынасты.  Қалалық колледждер қауымдастығының жоспары бойынша өткізілген шараның мақсаты - әдіскерлердің үздік тәжірибесін айқындау. Кәсіби шығармашылығын дамыту және білім беру жүйесінде әдіскерлердің әлеуметтік және кәсіби мәртебесін көтеру.

Баян Бексұлтанова, Алматы техника экономикалық қатынас жолдары колледжі директорының орынбасары:

- Біздің негізгі мақсатымыз – осы Алматы қаласындағы колледждердің әдістемелік жұмысының жаңа заманауи талапқа сай озық іс-тәжірибені дәріптеу, жалпылау. 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу