Ақмола облысына қарасты Отаутүскен ауылында жаңа мектеп қолданысқа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысына қарасты Отаутүскен ауылында жаңа мектеп қолданысқа берілді

20.03.2018

Шағын елді мекендегі тозығы жеткен білім ордасының орнына жаңасын салып берген осы ауылда туып өскен кәсіпкер. «Туған жерге қолымнан келгенше көмек көрсету - перзенттік парызым», - дейді ол.

Астана іргесіндегі Отаутүскен ауылында бүгін ерекше күн. Көптен күткен жаңа мектептің есігі бүгін айқара ашық. 8 ай бойы талмай еңбек етіп, 16 миллион теңгесін игі бастамаға арнайы бөлген осы ауылдың тумасы Қанат Жәкенов. Түлеп ұшқан ауылына өзге де инфрақұрылым салуға дайын. 

Қанат Жәкенов, кәсіпкер:

- Деніміз сау болса, елімізге қызмет етеміз деген ниетіміз бар. Спорт сарайларын салсақ дейміз. Оны алдағы уақытта көре жатармыз.

Мемлекет басшысының «Туған жер» бағдарламасына сәйкес, Целиноград ауданында қазірдің өзінде осындай 5-6 жоба іске асқан. Оқу ордаларымен қатар, ауылдан шыққан кәсіпкерлер өзге де саланы қаржыландырып, қолұшын созуда.  

Малғаждар Тәткеев, Целиноград ауданының әкімі:

- Дәрігерлік амбулаторияны кеңейту және жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуге «Родина» агрофирмасымен жұмыстар жүргізілді және де хоккей корты берілді.

Кәсіпкерлердің көмегімен алдағы уақытта мәдени ошақтарды да қайта жандандыру көзделіп отыр. Осылайша, Мемлекет басшысы көтерген бастама тек Ақмола облысында ғана емес, барлық өңірлерде қызу қолдау тауып, өз жемісін бермек.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу