Шығыс Қазақстанда жаңа амбулатория қолданысқа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жаңа амбулатория қолданысқа берілді

21.08.2014
Шығыс Қазақстанда жаңа амбулатория қолданысқа берілді

Шығыс Қазақстандағы Глуховка ауылында жаңа амбулатория қолданысқа берілді.  «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген нысан барлық талапқа сай.

Осыған дейін тұрғындар дәрігерлік көмек үшін 100 шақырым жердегі аудан орталығына баратын. Бүгінде 3 мың халқы бар ауыл үшін медициналық мекеменің ашылуы мәселенің күрмеуін шешті.

Енді жаңа дәрігерлік амбулатория ауылдық округке қарасты 6 шағын ауылдың тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ғимараттың құрылысына бюджеттен 77 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Мекеме қажет медициналық қондырғылармен толықтай жарақталды.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу