СҚО-да кәсіпкер ауылына спорт алаңын тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да кәсіпкер ауылына спорт алаңын тарту етті

12.08.2021

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Теңдік ауылында тұратын кәсіпкер балаларға арналған спорт алаңын салып берді.

Меценат нысан құрылысына 8 млн теңге жұмсаған. «Қаратомар» серіктестігінің басшылығы болашақта мектеп жанынан волейбол және баскетбол алаңдарын да салмақ. Заманауи талаптарға сай спорт нысаны қолданысқа берілгелі оқушылар аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жаңа алаңда тек балалар ғана емес, ересектер де спортпен шұғылдана алады.

Сейітжан Шәймерденов, мектеп директоры:
Ауылымыздың көркейіп, осындай деңгейге жетуіне ауылымыздағы ТОО «Қаратомар» ұйымы өте көп көмек жасайды. Соның ішінде оның басшысы Ақан Орынбайұлы 1,5 млн-ға  құжаттарын істеуге қаржылай көмек берді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу