Алдағы қыркүйектен бастап оқушылар оқулықтарды планшетке жүктеп оқи алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы қыркүйектен бастап оқушылар оқулықтарды планшетке жүктеп оқи алады

02.03.2018

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері айтты. Атап айтсақ, келесі жылы 3,6 және 8 сыныптар жаңа білім беру стандартына көшеді. Яғни, оларға жаңа оқулықтар мен әдістемелеік құралдар әзірленуді. Бұл ретте баспаларға оқулықтардың электронды нұсқасын қоса беру міндеттелген. Яғни, оқушылар оны планшетке немесе телефонға жүктеп пайдалануға мүмкіндік алады. Айта кету керек, кешеден бастап Астанада аталған үш сыныпқа арналған жаңа оқулықтар мен әдістемелік құралдардың сапасын анықтайтын комиссия жұмыс істеуде. Олар оқулықтардың сынақ нәтижесі мен мазмұнын қарап, оны республикалық комиссия қарауына жібереді. 

Бейбіткүл Қаринова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры:

- Әр өңірден келген мұғалімдер, оқытушылар және ғалымдар бүгінгі күні нақты ұсыныстарын жасап, келесі оқу жылына оқу тізбесіне енгізілген оқулықтарды анықтау жұмысын жүргізуде. Бұл шара республикалық комиссияның жұмысымен аяқталатын болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу