Павлодарда орта білім беруді жаңарту жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда орта білім беруді жаңарту жайы талқыланды

26.01.2018

Еліміздегі жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім беріп жатқан 30-дан аса мектептің 150-ге тарта мұғалімі Павлодарда бас қосты. Мақсат - ток-шоу форматында жаңашыл білім беру мазмұнын талқылау. Шараны ұйымдастырған «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы. Қазіргі басты талап - оқушының білімге деген құштарлығын арттыратын тың тәсілдерді табу. Сол арқылы баланың қабілетін ұштап, болашақ маман ретінде дайындау.   

Алма Әубәкірова, Семей қаласы Шәкәрім Құдайбердиев атындағы көпбейінді мектеп директоры:

- Бұл жөнінде мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үлкен бір дайындықпен келіп отырмыз. Өзіміздің әріптестеріміз арқылы бұл салада қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, сол іс-тәжірибемізбен бөлісеміз деген ойдамыз. 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу