Сапалы жоғары білім – басты бағыттардың бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапалы жоғары білім – басты бағыттардың бірі

07.12.2017

Жалпы, «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асқалы бері көптеген мемлекет қызығушылық білдіріп, дәл осындай жобаларды өз елдерінде енгізді. Білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықтың арқасында 1993 жылдан бері осы күнге дейін 12 мыңнан астам студент әлемнің «ең үздік» деген университеттерінде оқып шықты. Ал, академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында соңғы 5 жылдың өзінде 6 мыңнан астам студентіміз шетелдің жоғары оқу орнында тегін білім алды. Еліміздің университеттерінде бүгіндері 477 мың студент оқыса, олардың 3/1 бөлігі грантқа ие. Ал, 2014 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Серпін» әлеуметтік жобасының арқасында 15 мың қазақстандық солтүстік өңірлердің колледждері мен университеттерінде білім алуда. 3 жылда бұл жоба бойынша 3 мың студент колледжден түлеп шықты.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу