Мәжіліс жылды қорытындылады

30.12.2020

Бүгін Мәжіліс 2020 жылғы жұмысын қорытындылады. Жалпы, осы шақырылым барысында Парламент палаталарының 23 бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс қарауында 487 заң жобасы болып, оның 432-сі мақұлданып, Сенатқа жолданды. Ал бүгінгі таңда 391 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойған. 

Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин биылғы жылдағы жетістіктер мен басқа да ерекшеліктеріне екпін түсірді. Әсіресе, Мәжілісте мемлекеттік тілге айырықша мән беріліп, кең қолданылатыны айтылды. Мысалы, жалпы отырыстардың 90 пайызы, ал қосымша баяндамалардың 70 пайызы қазақ тілінде жасалған. 

Нұрлан Нығматулин ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы:
Депутаттық корпустың жұмысы толықтай Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын, сондай-ақ халыққа Жолдауын сапалы заңдармен қамтамасыз етуге арналды. Оның ішінде, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, шағын және орта бизнесті қолдау, экологиялық жағдайды жақсарту негізгі бағыттардың бірі болды.

Хабарламаларға жазылу