Еліміздегі 7 мыңнан астам мектеп жөндеуді қажет етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 7 мыңнан астам мектеп жөндеуді қажет етеді

22.11.2017

Бүгін Мәжіліс депутаты Артур Платонов Премьер-министрдің орынбасарына депутаттық сауал жолдады. Төменгі палата өкілі «373 мектепте күрделі жөндеу, 5745 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілгенімен, жағдай әлі мәз емес», дейді. Басты себеп - қаржының жетіспеушілігі. «Жағдайды реттемесе, соңы төтенше жағдай тудыруы мүмкін», дейді депутат.

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шығыс Қазақстан облысы Усть-Таловка кентінде мектептің төбесі құлап, үш оқушының жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққанын білеміз. Абырой болғанда, көп оқушы қоңырауға шығып кетіп, жарақат алмаған. Аудандық әкімдік тек осы жағдайдан кейін ғана жөндеу жұмыстарын бастаған. Яғни, ақша табылды, тек балалар жапа шеккеннен кейін ғана.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу