Атырау облысында құрылыс нысандары мерзімінде тапсырылмаған

25.01.2018

Атырау облысында бірқатар әлеуметтік нысандар мердігердің жауапсыздығынан мерзімінен кешіктірілмек. Қызылқоға ауданына  жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ауданға қарасты бірнеше елді мекенде салынып жатқан ғимараттардың құрылысын көзбен көрді.

Мәселен, Сағыз ауылында осыдан бес жыл бұрын салынған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің бүгінде әбден тозығы жеткен. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал, балабақша мен мектеп құрылысы уақытылы аяқталмаған. Балабақша өткен жылдың қыркүйегінде, ал, мектеп желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда, мердігер компаниялар бұл міндетті орындай алмаған.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу