Мамандар қазақстандық мектептер арасында жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар қазақстандық мектептер арасында жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесін жариялады

20.04.2017

Назарбаев жоғары білім беру мектебі қазақстандық мектептер арасында жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесін жария етті. Оқушылардың үлгерімін, психологиялық және жалпы әлеуметтік жағдайын саралаған зерттеу осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Мамандар 7 өңірде болып, 60-тан аса орта мектепті аралап шықты. Жеті мыңдай сауалнама жүргізіп, нәтижесінде дәл бүгінгі күні мектеп жасындағы балалармен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын анықтады. Мәселен, елімізде 1100 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. 17 білім шаңырағында сынып пен оқытушы жетіспеушілігінен балалар 3 ауысымда оқып жатыр. Ауылдық және қалалық оқушылардың арасында экономикалық теңсіздік бар. Сондай-ақ, психологтардың жетіспеушілігі барлық өңір үшін өткір күйінде қалып отыр.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу