Қызылорда Мемлекеттік университетінде Microsoft академиясы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда Мемлекеттік университетінде Microsoft академиясы ашылады

17.11.2017

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде Мicrosoft академиясы ашылмақ. Облыс әкімдігі мен Мicrosoft компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы университеттің 80 жылдығына орай өткен «Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Университет бұдан өзге  әлемдік 70–тен астам жоғары оқу орнымен  тығыз қарым-қатынас жасайды. Осыған дейін «Темпус», «Эразмус», «Мундус»  серіктестік бағдарламалары негізінде 5 еуропалық жобаны жүзеге асырды. Ал, 60 ғалым-оқытушы Хирша индексіне, яғни, бәсекеге қабілеттік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткішіне ие болған. Әлемнің түкпір-түкіпірен келген ғалымдар осы және өзге де жетістіктерді талқылап, озық тәжірибелермен бөлісті. 

Хулия Ченгел, Гази университетінің профессоры:

- «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы маған әсер етті. Мен Елбасы жазған мақалаларды түрікшесіне аударып жатырмын. Маңызды дүние өте көп. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу