«Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» атты кітап қытай тілінде шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» атты кітап қытай тілінде шықты

08.11.2017

«Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы». Осындай атаумен қытай тілінде кітап жарық көрді. Бейжіңде осы туындының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға осы елде жұмыс сапарымен жүрген Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен шығарма авторы, белгілі ағылшын жазушысы Джонатан Айткен қатысты. Шығармада Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы, қарапайым болат балқытушыдан бастап, Қазақстан Президентіне дейінгі өнегелі өмірі жайлы жазылған. Бұған дейін «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы» қазақ, орыс, араб, түрік, корей және хорват тілдеріне аударылған. Бейжіңдегі салтанатты шараға Лондоннан арнайы келген кітап авторы Джонатан Айткен қызықты мәліметтермен бөлісті. Оқырман сұрағына жауап берді.

Джонатан Айткен, кітап авторы:

- Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 60 жыл бұрынғы мектеп оқушысы кезіндегі әдемі естелігін айтып беріп еді. 1957 жылы Қаскелеңдегі мектепке Қытайдан бір оқушы хат жазады. «Менімен кім хат алмасып танысқысы келеді» деген. Бірақ, көпшілігі оған күмәнмен қарайды. Қазақстанның бұл мемлекетпен қарым-қатынасы жоқ. Сол кезде бүкіл мектептегі 250 баланың ішінен 17 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев суырылып шығып, «жауап жазамын» дейді. «Неге?» деген сұраққа «Мен Қытайды жақынырақ білгім келеді», деді.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу