«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы парсы тілінде жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы парсы тілінде жарық көрді

16.07.2018

Белгілі публицист Махмұд Қасымбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабы парсы тілінде жарық көрді. Елеулі еңбекте Елбасының қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолы баяндалған. Бастысы, туындыда ХХ және ХІ ғасырдың басында Қазақстанның дамуындағы тарихи-саяси өмірбаянына айрықша мән берілген. Бұған дейін бұл кітап ағылшын, неміс, француз, қытай, араб, венгер, түрік, серб және корей тілдерінде шыққан.

Өміртай Бітімов, ҚР Ауғанстандағы бұрынғы елшісі:

- Қазақстан халқының ауған халқына жақындығы бар. Тарихи, дін, этникалық жағынан жақын болғаннан кейін олар бізден үлгі аламыз деп, өздерінің ризашылықтарын білдіреді. Әсіресе, Елбасымызға. Кітап өте жақсы жазылған. Көп тарихи фотолар бар, басқа да деректер көп.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу