Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы екі бірдей кітап жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы екі бірдей кітап жарыққа шықты

22.04.2019

«Елорда эпопеясы» және «Түркі интеграциясының архитекторы». Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы екі бірдей кітап жарыққа шықты. Елорда жайлы еңбекте «Egemen Qazaqstan» газетіне Нұр-Сұлтан қаласына қатысты шыққан 300-ге жуық мақала мен сұқбат және сараптамалық мақалалар енген.

Ал, «Түркі интеграциясының архитекторы» атты кітапта Елбасының түркі дүниесіндегі рөлі жан-жақты жазылған. Кітапта келтірілген деректерде Түркияда интернетте ең көп ізделген тұлғалардың ішінде Нұрсұлтан Назарбаев бар екендігі айтылған.

Қадырәлі Қонқобаев, Халықаралық Түркі академиясының өкілі:

- Түркі мемлекеттерінің арасындағы интеграция мәселесін көтеріп шыққан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу