ОҚО-да батырлар жырын жатқа айтудан мектеп оқушылары арасында байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да батырлар жырын жатқа айтудан мектеп оқушылары арасында байқау өтті

26.09.2017

«Жақсылар, дастан айтайын...» Оңтүстік Қазақстан облысында осындай тақырыппен батырлар жырын жатқа айтатын мектеп оқушылары өзара сайысқа түсті. Елімізде алғаш рет өткізілген сөз сынына 48 үміткер қатысты. Олар өңірдің аудан, қалаларында өткізілген байқаулардан іріктеліп шыққан. Оқушылар алғашқы сында «Қамбар батыр» жырын бастан аяқ жатқа айтты.

Қазылар алқасы олардың жырды мәнерлеп жеткізуіне, сахналық киімдері мен іс-әрекеттеріне ерекше назар аударды. Екінші кезеңде балалар дастандағы сөздердің мағынасын түсіндіру бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Ұлтымыздың рухани жаңғыруына бағытталған байқауды облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті ұйымдастырды. Енді олар жыр айту сайысын республикалық деңгейде өткізуді көздеп отыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу