«Тұлпар мініп, ту алған!» ұлттық жобасының қатысушылары «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұлпар мініп, ту алған!» ұлттық жобасының қатысушылары «Таңшолпанда»

11.09.2018

Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқау ұйымдастырылды.

Жоба жетекшісі ақын, журналист Серік Сейітман мен қатысушылары Абылай Бердашев, Мөлдір Елеу, Михаил Шут қонақта болды.

«Мемлекет басшысының бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жобаның мақсаты – 6-10-шы сынып аралығындағы балалар арасында батырлар жырын жатқа айтудан сайыс өткізу болатын. Мамыр айының ортасында жарияланған байқауға 1300-ден астам оқушы қатысуға өтінім берді. Оқушыларды жарысқа дайындап жатқан 500-ге жуық тəлімгерге белгілі жыршының қатысуымен тренинг өткізілді.

Негізгі марапаттау сәті 28 қыркүйек күні өтеді. Ал, финал 26 қыркүйекте. Биыл байқауға «Алпамыс» жыры таңдалды. Сайыс Алматы қаласы деңгейінде ұйымдастырылды. Келер жылы республика көлемінде өткізсек деген ниет бар», - дейді Серік Сейітман.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу