Қалалық Жастар саясаты басқармасы мен «Еріктілер лигасы» олардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеруде. Жұмыс тобы осы аптада қаладағы 94 жатақхананың бәрін аралап, көктемгі тексеріс кезінде байқалған олқылықтардың қаншалықты түзелгенін бақыламақ. Мәселен, сәуір айында жүргізілген рейдте 10 жатақханаға күрделі жөндеу қажет екені, ал, 30-дан астам студенттер үйінің талапқа сай емес екені анықталған. Солардың бірі Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің №5 жатақханасы. «Спорт залдары үнемі жабық, оқу залы жоқ, жуынатын бөлмесі аптасына 2-ақ рет жұмыс істейді», - деп студенттер шағым айтқан жатақхана қазір сол кемшіліктердің бәрін түзетіпті.
Амангелді СЕЙІТХАН