Астананың үздік оқушылары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың үздік оқушылары марапатталды

26.05.2017

Бас қалада түрлі интеллектуалдық сайыстардың елордалық жеңімпаздарына арналған бал өтті. Шарада 200-ден астам талантты оқушыға салтанатты түрде құрмет көрсетіліп, олардың ұстаздарына да Алғыс грамоталары табысталды. Кеште түлектер би билеп, сыйлықтармен марапатталды. Жалпы, биылдың өзінде шаһарда 70 мың бала 65 халықаралық және республикалық олимпиада мен интеллектуалды конкурсқа қатысқан. Олардың дені жүлделі орындарға ие болып, ондағаны шетелге білім гранттарын ұтып алған. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу