Астаналық оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

28.04.2015
Астаналық оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

Олимпиада мақсаты – мектеп оқушылары арасында атақты педагог, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО еңбек сіңірген ұстазы, Н.К. Крупская атындағы және «Құрмет» ордендерінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбектерін насихаттау.

Сайысқа Астананың 8 оқушысы қатысып, жүлделі орындар алды:

І орын - Назгүл Дүйсембаева, №50 мектеп, 11-сынып оқушысы;

ІІ орын - Ақерке Рабхан, №70 мектеп, 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын - Арайлы Сағымбекова, №24 мектеп, 10-сынып оқушысы;

Ал, №40 орта мектеп оқушысы Камила Еманғалиева жетістіктері үшін «Сөз зергері» аталымында үздік атанды.

 

Фото: astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу