Астананың үздік оқушысы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың үздік оқушысы анықталды

23.11.2015
Астананың үздік оқушысы анықталды

Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласы Білім басқармасының "Астана дарыны" орталығы.

Биыл байқау тақырыбы Қаныш Сәтпаев, Евней Бөкетов, Әлімхан Ермеков сынды Қазақстанның белгілі ғалымдарына, халқымыздың патриоттарына, қазақ, орыс және әлемдік мәдениет білгірлеріне арналды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 10-шы сынып оқушылары қатысты.

Үш кезеңнен тұрған ақтық сынға 16 адам өтті. Олар жалпы эрудиция бойынша сұрақтарға жауап беріп, «Қазақстан ғалымдары: Қ. Сәтпаев, Е.Бөкетов, Ә. Ермеков» викторинасына қатысты, сондай-ақ берілген тақырыптарға мәтін дайындады.

Байқау қорытындысы бойынша көшбасшылар арасында № 60 лицейдің оқушысы Айсұлу Асылбекова жеңімпаз атанды. 

Бірінші орын № 40 мектеп оқушысы Еманғалиева Камилаға бұйырса, № 52 орта мектеп оқушысы Базархан Дамир мен № 64 мектеп-лицей оқушысы Әбілбекова Адал 2-орын алды. № 62 мектеп-лицейдің оқушысы Тұрсұнқанова Әнел, № 66 мектеп-лицейдің оқушысы Құрамысова Ақниет және № 38 мектеп-лицейдің оқушысы Досболов Диасжан 3-орынды иеленді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

 

 

Хабарламаларға жазылу