Үздік кәсіпкерлер марапатталды

15.03.2014
Үздік кәсіпкерлер марапатталды

Еліміздегі орта және шағын бизнесті дамытып жүрген бірқатар кәсіпкерлер марапатталды. Экономика саласындағы үздік деп танылған мекеме басшыларының ерен еңбегі бағаланып, құрметке ие болды.

 
Ұлттық бизнес-рейтинг одағы 200-ден аса тәртіпті салық төлеуші мекемені анықтады. Оның қатарында «Оңғарбаева БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де бар.
 
Олар Алматы қаласы «Алатау» ауданындағы 19 мектептің оқушыларын тамақтандырады. Мекеме басшысы Бүбіхан Оңғарбаева 160 адамды жұмыспен қамтып отыр.
 
Бүбіхан Оңғарбаева, «Оңғарбаева БК» ЖШС директоры:
Өзіміз де осы салада көптеп істеп келе жатқандығымыздан, уақытында есеп-қисаптарымызды тапсырып отырамыз. Салық комитетіне салықтарымыды төлейміз. Салықтың да түрі көп қой. Қосымша құн салығы бар.  Жұмысшыларымызға зейнатқы төлемдері бөлінеді.  Сол еңбегіміздің арқасында бүгін осы іс-шараға қатысып отырмыз. Біздің ұжымды марапаттап отыр.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу