«Шапағат» сыйлығына өтініштерді қабылдау басталды. Әділет министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылатын бәйгеге өнертапқыштардың туындылары қабылданады. Жоба аясында арнайы интернет-ресурс дайындалады. Осы жерде қатысушылардың тырнақалды туындылары онлайн дауыс беру арқылы бағаланады. Шара барысында өнертабыстар жәрмеңкесі өтеді. Өтінімдерді қабылдау 26-ы маусым аяқталады. Ал, қорытынды 15 қазанда жария болады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ