«Umai» сыйлығына өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Umai» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

05.10.2022

Биыл тұңғыш рет «Ұмай» ұлттық өнер сыйлығы беріледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді. Премия төрт бағыт бойынша ұйымдастырылып отыр. Ол: театр өнері, музыкалық орындаушылық, хореография және бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнер. Сонымен қатар әрқайсысының өз номинациялары бар. Байқауға өтінім беру 9 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал, жеңімпаздар 23 желтоқсан күні марапатталады

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

Жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде осы 2022 жыл – «Балалар жылы» екені өздеріңізге аян. Сондықтан да сыйлықтың аясында «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлдесі де тағайындалып отыр.

Дархан Рақымжан


Хабарламаларға жазылу