Банкроттыққа өтініш қабылдау басталды
Бүгіннен бастап азаматтар өзін «банкрот» деп тануға өтінім бере алады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң күшіне енді. Қаржы министрлігі осындай хабарлама таратты. Статистика бойынша, елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі бар. Қарыз сомасы: 1 триллион 100 миллиард теңге. Алайда барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін. Өйткені, «банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Оған қоса, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды. Сонымен бірге, азаматтың банкроттықтан кейін үш жыл бойы қаржылық жағдайы тексеріліп отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар ойын алаңын қалыпқа келтірді
12.05.2026, 13:27
«Ясауитану» пәні үйірме ретінде енгізіледі
12.05.2026, 13:24
Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланысы нығая береді
12.05.2026, 13:21
Мұнай біртіндеп қымбаттай бастады
12.05.2026, 13:18
Пәкістандағы жарылыстан 7 адам қаза тапты
12.05.2026, 13:15
«Бекіре-2026»: 6 тонна балық тәркіленді
12.05.2026, 13:12
Есірткі өндірген ағайынды Арыста ұсталды
12.05.2026, 13:09
Шымкентте қылмыстық топты түрмеден басқарған
12.05.2026, 13:06