Педагог ғалымдар үш тілді білім беруді енгізудің негізгі проблемаларын атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Педагог ғалымдар үш тілді білім беруді енгізудің негізгі проблемаларын атады

26.05.2016
Педагог ғалымдар үш тілді білім беруді енгізудің негізгі проблемаларын атады
Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Білім берудегі инновациялар, ізденістер мен шешімдер атты» халықаралық ғылыми практикалық конференция басталды. Оған отандық және алыс жақын шетелден келген педагог ғалымдар мен ұстаздар қатысуда. Олар мектепке дейінгі мен орта білім және жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық пен үштілді білім беру жайын сөз қылды.

Аталған тақырыптарға 245 ғылыми мақала ұсынылып, 30-дан астам баяндама тыңдалмақ. Конференция қорытындысы бойынша педагог кадрлар даярлау жүйесін жаңғырту мен оқу құралдарының мазмұнын жақсартуға арналған ақпараттық портал құру туралы ұсыныс әзірленбек.

Хабарламаларға жазылу